Мугалим туралы диалог курау керек

0 голосов
326 просмотров

Мугалим туралы диалог курау керек


Қазақ тiлi (16 баллов) | 326 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аманбысың шәкіртім?!

Кітабыңды ал,біліміңді көрейін.

Жалтақ-жалтақ жан-жағыңа қарайсың,

Екі қойып қорқытамын демеймін.

Кітап қайда, дәптер қайда,қарағым?

Жоқ қой сенде керек десең,

Қаламың мен парағың,

Мазалайсың оқып келген баланы,

Бар ма өзіңде оқушылық талабың?

Шәкірт:

Кітап, дәптер, қаламым да үйімде,

Неге маған сұрақ қойдың күйіне.

Жан-жағымды жайпау үшін келгенмін,

Ол қылығым ұнайды ғой өзіме.

Отырғызшы өзің отқан жеріңе,

Бұзықтықпен мәз қыламын бәрін де.

Шаш ағартып неге сонша қиналдың?

Бос сөз бен күлкі керек бәріне.

Ұстаз:

Күлкімен, бос сөзбен сен қашанғы жүрерсің,

Уақытыңның еш өткенін кеш те болса білерсің.

Тыңдамаппын ұстазымды сонда деп,

Әлі-ақ ертең бармақ тістеп келерсің.

Демократия қоғамының баласы,

Ұстазыңа құлақ түріп қарашы.

Төмендеді білімің де,тәрбиең де,

Болғым келеді соған өзім арашы.

Мектеп деген – білім-тәрбие ордасы,

Өздеріңсің ертеңімнің көшбасы.

Ұмтыл алға біліміңмен шәкіртім,

Бұл өмірде болу керек ең жақсы.

Шәкірт:

Тағзым етем, басымды иіп өзіңе.

Құлақ салам өзім асыл сөзіңе.

Жан айқайың құлағыма жетті енді.

Шарасыздан жас үйірілді көзіме.

Кінәлімін, кешір ұстаз бәріне.

Уақыт бар ғой түзелермін әлі де

«Ұмтыл алға» деген тәлім ұраның,

Жан бітірді болашақ жол ізіме.

Ұстаз:

Тәрбие-білім танытады адамды,

Жарқын дауысың шықты енді ұнамды.

Кінәлауға сені шәкірт шарам жоқ

Кінәлаймын мына қиын заманда

Ізден, оқы осы кезден тынбастан

Жақсы шәкірт ұстазына жыр-дастан

Мәз болады әрбір  ұстаз балаша

Шәкірттері көрінгенде шың бастан

(Шамалы үнсіздіктен кейін)

Ұстаз:

Содан бері талай-талай жыл өтті

Шәкіртімнен сол баяғы хат кепті.

Жазған екен ұзақ жолды поэма,

Сағыныпты алтын ұя мектепті

Не жазғанын әр кім өзі тапсыншы,

Оқып берем поэмадан үзінді.

Шәкірт:

Өмір оңай еш адамға болмайды,

Оқымаған  кейін өзі сорлайды.

Кеш түсініп ұстаздардың қадірін.

Соқпау керек таумен тасқа таңдайды

Ұстаз деген – шамшырағы өмірдің,

Ұстаз деген – жанашыры көңілдің.

Ұстаздарын сыйламаған баладан,

Жер мен көктің барлығы да түңілсін.

Ұстаз деген –  ойлайтұғын баласын,

Ұстаз деген – ұлағатты дана шын.

Мамандықтың барлығына бас болған,

Ұстаздардың беру керек бағасын.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы

Ұстаз деген – ұрпақтардың тынысы

Бас иемін мәңгі ұстаз өзіңе,

Тынысымды тарылтпаған өр кісі

Алғысым да, рахметім де бар саған,

Шәкірт үшін күндіз-түні шаршаған

Періштесің ақ пейілді жердегі

Алла нұры жаусын сізге аспаннан!

Хат иесі:

Сіздің шәкіртіңіз…

Аяулы ұстазым!

Амандық болса әліде кездесерміз.

Дәулеткелдіқызы Фатима


Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

(34 баллов)