Өзің білетін ертегі кейіпкерлерінің қайсысына қандай метафоралар мен теңеу сөздер сəйкес...

0 голосов
157 просмотров

Өзің білетін ертегі кейіпкерлерінің қайсысына қандай метафоралар мен теңеу сөздер сəйкес келеді деп ойласың? Бағанға жаз


Қазақ тiлi (15 баллов) | 157 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ертегі кейіпкерлеріне сәйкес келетін теңеу сөздер:

"Алладин" мультфильміндегі Жын : Атымтай Жомарт секілді қайырымды,көңілі күндей,денесі аспандай көк,аюдай аңқау.

"Қар ханым" мультфильміндегі Қар ханым : қардай аппақ,борандай күшті,жүрегі мұздай.

"Құйыршық" мультфильміндегі Құйыршық : бойы алақандай,түлкідей айлакер,күлкісі бұлақтың сылдырындай.

"Қаңбақ шал" мультфильміндегі Дәу : денесі таудай,қояндай қорқақ,ақылы есектікіндей.

"Алтын сақа" мультфильміндегі Мыстан кемпір : түлкідей қу,жауырыны қақпақтай,тістері пышақтың жүзіндей.

Қосымша:

Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады.

(16.7k баллов)