Қазіргі шаруашылық түрлері туралы ақпарат пожалуйста помогите

0 голосов
64 просмотров

Қазіргі шаруашылық түрлері туралы ақпарат пожалуйста помогите


История (35 баллов) | 64 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалықкелісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.Натуралды деп адамдардың өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Натуралды шаруашылық қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық қоғамда орын алды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді.Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

(121 баллов)