Қайтпай қалған қарлығаш Т. Тайбазарұлы Асан ерте тұрып, терезенің пердесін ысырды да, сыртқа көз жіберді. Айнала аппақ қар. Күн нұрына шағылысады. Күрек алайын деп қораға кірді. Есік маңдайшасында бүрісіп отырған қарлығашқа көзі түсті. Жаңылыс көрдім бе деп, көзін уқалап қайта қарады. Өзі асыраған қарлығаш. Атасы кигізген сақинадан таныды. Бұл жайды атасына айтуға асықты. Үйге жүгіріп келді де: - Ата, біздің қарлығаш жылы жаққа қайтпай қалыпты. Қорада отыр. Қатты тоңыпты, - деді. Қанатынан жараланған қарлығаш ұшуға дәрменсіз болған соң қалып қойыпты. Оны үйде күтіп асырауға тура келді. Қарлығаш оңай үйрене алмаған соң атасы темір тор жасап, алдына үгіндісі мен тары, су қойды. Бірте-бірте қолға үйреніп, жасқанбайтын болды. Сөйтіп, Асан өзінің кішкентай досын қыстан аман алып шықты. Көктем шығып құстар келе бастаған мезгілде Асан атасы екеуі қарлығашты ұшырып жіберген. Қарлығаш жер бауырлай ұшып, үйді екі айналды да биікке самғай көтерілді. Асан қарлығаш ұзап кеткенше қарап тұрды. Мәтін бойынша қарлығаштың атынан бас кейіпкерге хат жазыңыз (100-120 сөз көлемінде).