Сократ (б.з.д. 469 — 399 ж.) Оқыту мен тәрбиелеудің алғашқы әдістемелік тәсілдерінің бірін Сократ ойлап тауып, кейіннен оны практикада қолданды, ол — сұрақ-жауаптық оқу әдісі («сократтық әдіс»). Сократтық әдістің мәні — оның сұрақтарының ретті қойылуында, яғни оларға жауап бере отырып білім алушы белгілі бір шынайы қорытындылар жасаған. Сократтық әдісті өз шыңына Сократтың дарынды шәкірті ұлы философ Платон жеткізген.