Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай 2-сәуір — балалар кітабы күні болып жарияланған. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында түрлі байқаулар, конференциялар ұйымдастырылады.Кез келген адам өмірдегі орны мен таңдаған мамандығын бала кезіндегі оқыған, санасында шегеленіп қалған кітаппен байланыстыратыны белгілі.