Тірек сызбалармен оқыту оқу материалдарына түсінікті меңгеріп, жеке тұлғаның қалыптасуына əсерін тигізеді. Тірек сызбалар көбінесе бекіту, қайталау сабақтарында қолданылады. Жалпы айтқанда, тірек сызбамен оқыту - заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сып - сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.