Диалог. Мәтіннің мазмұны бойынша 4 сұрақтан жазып, өзара диалог құрыңдар. Онда курсивпен...

0 голосов
608 просмотров

Диалог. Мәтіннің мазмұны бойынша 4 сұрақтан жазып, өзара диалог құрыңдар. Онда курсивпен жазылған тұрақты тіркестерді қолданыңдар.


image

Қазақ тiлi (73 баллов) | 608 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Мәтін бойынша диалог құрастыру.

Алтынбек: «Тараздың бойтұмары» деген мәтінді оқыдың ба?

Қанатбек: Әрине, мұғалім үй тапсырмасына сол мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келуді тапсырған болатын.

Алтынбек: Сонда, Қарахан неліктен Айша Бибіге уәделі уақытта бара алмай қалады?

Қанатбек: Себебі, жаугершілік заман болып, Қарахан елін, жерін қорғап шайқаста жүреді.

Алтынбек: Таразға барар жолда қандай жағдай орын алады?

Қанатбек: Жолдан шаршаған Айша Бибі төсенішке жатып, маужырап ұйқыға кетеді. Сол кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.

Алтынбек: Қарахан денесін у жайлаған аруға жетіп үлгереді ме?

Қанатбек: Иә, Қарахан молда мен емшіні алып жеткенде Айша есінен танып жатыр екен.

Алтынбек: Сүйген жарынан айырылған Қарахан не істейді?

Қанатбек: Ол сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.

Алтынбек: Мәтіндегі ақпаратты өте жақсы меңгеріпсің, жарайсың!

Қанатбек: Рахмет, бүгін сабақта қол көтеріп, бірінші жауап бергім келеді.

(22.8k баллов)