СДЕЛАЙТЕ КРАТКИЙ ПЕРЕСКАЗ(3-5 предложений)Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр...

0 голосов
118 просмотров

СДЕЛАЙТЕ КРАТКИЙ ПЕРЕСКАЗ(3-5 предложений)Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой -қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін?-деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне ... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. –Аждаһа Күлән деген... жесір әйелдің... үйінің жанындағы... суы тартылып кеткен... ескі құдықтан шығады.Жанқожа қылышын алып , солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен.Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып , қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді.Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора- пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді. –Ағарған әкеліңдер! –деді сосын одан отты жанарын алмастан... Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді. Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да кері бұрылып, ақырын ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан кқтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды.ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА!!!


Қазақ тiлi (33 баллов) | 118 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Қысқаша мазмұны:

Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болса да,қозы,қой,ботаны жұтқанымен,адамаға әзір ауыз салмаған.Аждаһадан қалай құтыламыз деп тұрғанда,аждаһа құдықтан атып шығады да,үйдің арт жағында тұрған құлынды жұтқалы жатады.Алайда Жанқожа Құранын оқып жіберіп,қылышпен аждаһаны салып қалады.Жанқожа оның басына сүт шашып жіберген соң,аждаһа жоқ боп кетіп,халық қуанады.

(17.0k баллов)