Ыбырай Алтынсариннің достары

0 голосов
135 просмотров

Ыбырай Алтынсариннің достары


Қазақ тiлi (56 баллов) | 135 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

І. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары

Қазақ жастары үшін арнайы оқытушылар мектебін ашу ісіне де Ыбырай Алтынсарин зор көңіл бөліп, көп мән берді. Талмай іздену, тиісті орындарға жалықпай өтініш жасаудың, сондай-ақ оқытушылар мектебінің елді мекендердегі ағарту ісі үшін айрықша қажет екендігін шебер дәлелдеудің нәтижесінде ол  1881 жылы Орск қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашты. Бұл мектепке артқан үмітін және оның қоғамдық өмірі үшін маңызын Ыбырай өз сөзімен былайша сипаттайды: «Оқытушылар мектебі біздің оқушыларымыздың барып түсетін мектебі еді, бұлар сонда белгілі бір білім алып қазақ халқының тұрмысына, шынында да, пайдалы болған болар еді. Қазақ халқының ақыл-ойы мен экономикасының дами беруіне көмектесе алатын адамдар болар ед». Қазақ қоғамы жағдайында бірден үлкен оқу орнын жасаудың бүкіл қиындығын жақсы түсінген Ыбырай осы жалғыз оқытушылар мектебі мен уездік, болыстық мектептер арқылы қазақ арасындағы оқу-ағарту ісін алғашқы кезде дұрыс жолға қоюға болады, келешекте не істеудің керектігін уақыттың өзі көрсетеді деп санады.

(30 баллов)