Күз- өте ғажайып жыл мезгілі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал табиғат қызыл -сары түсті киімін киіп əлек. Құдды қаһарлы қыстың алдында əдемі киімін көрсетіп алайын дегендей. Əжелеріміз де немерелеріне жылы-жылы шұлықтарын тоқып жатыр.
Күз-сағыныш мезгілі. Сабаққа асыққан баланың сағынышы, суретшінің күзгі эллегияға деген сағынышы, диқанның мол жемісіне деген сағынышы... Байқайсыз ба, бəрі сағыныш.