Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап.Себебін түсіндір.Помогите пожалуйста5-тапсырма!!!!

0 голосов
479 просмотров

Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тап.Себебін түсіндір.Помогите пожалуйста5-тапсырма!!!!


image

Қазақ тiлi (128 баллов) | 479 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Мәтіндегі қате жазылған сөздер,себептері:

1) Денсаулықті – дұрысы 'денсаулықты' (буын үндестігіне бағынбай тұр)

2) Спортның – дұрысы 'спорттың' (ілік септігінің жалғауы дұрыс жалғанбаған)

3) Снарядларды – дұрысы 'снарядтарды' (көптік жалғауы дұрыс жалғанбаған)

4) Атлетикаден – дұрысы 'атлетикадан' (буын үндестігіне бағынбай тұр)

5) Қатысамыз – дұрысы 'қатысамын' (жіктік жалғауы дұрыс жалғанбаған,сөйлем басында 'мен' сөзі тұрғандықтан жалғау жекеше '-мын' деп жалғануы керек)

6) Алдың – дұрысы 'алдым' (жіктік жалғауы дұрыс жалғанбаған,жалғау '-м' деп бірінші жақта жалғануы керек,'-ң' деп екінші жақта емес)

7) Алдыңыз – дұрысы 'алды' (жіктік жалғауы дұрыс жалғанбаған,сөйлем үшінші жақта жазылыр тұр, екінші жақтың сыпайы түрінде емес)

8) Достарың – дұрысы 'достарым' (тәуелдік жалғауы дұрыс жалғанбаған,сөйлем бірінші жақтан жазылып тұр, екінші жақтан емес)

Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады.

(16.7k баллов)