Эссе Астана елімнің жүрегі ме?Келісу не келіспеу эссе жазу 70-80 сөз және 1 тапсырма...

0 голосов
2.8k просмотров

Эссе Астана елімнің жүрегі ме?Келісу не келіспеу эссе жазу 70-80 сөз және 1 тапсырма көмектесіңіздерші 10 балл берем


image

Қазақ тiлi (22 баллов) | 2.8k просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады. Астана - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік . Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінудің өзі бір бақыт, маңдайға біткен бақ. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.


(48 баллов)
0

ээээ мынау жиынтыктанго.

0

Ия

0 голосов
Астана елімнің жүрегі ме?

Әрине, Астана - елімнің жүрегі деген тұжырыммен толықтай келісемін. Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.

Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.

Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.