Эссе про футбол ** казахском языке

0 голосов
58 просмотров

Эссе про футбол на казахском языке


Қазақ тiлi (29 баллов) | 58 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Футбол ойыны барлық дүниежүзі елдерінде танымал. Футбол спорт түрі сияқты ұдайы дамиды, ойын тәсілі де ұшталып, футболистің қозғалу қызметі қиындатылады.
Футболистің спорттық шеберлігі озықтыққа жету үшін қозғалмалы қызметтің жаңа одан да тиімді тәсілдер көмектеседі. Ойынның өзгешелігінденгі нақты білімге сүйенсек, футболистің қозғалу қызметін ұйымдастыра отырса негізгі ойынның даму үрдісіне негі болады.
Футбол жас адамдардың дамуына көмектеседі. Олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге тартады. Ал бұл өз алдында өте түбегейлі. Бұндай сапаларға иемденген адам өзінің қоғамына үлкен пайда әкелетіне сөзсіз.
Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.
Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.
Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.
Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.
Тактика – дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы.
Ойын кезінде алаңда футбол шеберлерінің дәл пастарды әдемі комбинацияларын көруге болады. Осылардың барлығы бұл шеберлерге көптеген жаттығулар арқасында келеді. Жаттығулар кезінде футболшылар физикалық, техникалық және тактикалық дайындықтарға көп уақыттарын бөледі.

(1.2k баллов)
0

лучший ответ етип коясын ба оте керек болып тур