Бұрындары қазақ хал-қы бүркітті киелі құс санап, оларға «Дала сер-мендесі», «Көк тәңірі», «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы», «Құдайдың қазаққа
еншілес берген құсы», - деп те мақтау мен мада-қтау айтқан. Моңғолдар да бүркітті қастерлеп, оның атауын «бургэд» деген. Осыдан-ақ байқалып отырған шығар, бүркіттің түркі тектес халықтарда «ортақ атауға» ие екені. Жалпы, моңғол жұрты бүркітті «Құс патшасы» деп қастерлейді, түркі тектес Тыба сүйектілер бүркіт ұстаған аңды айырып алып, оны сояды да, «бақыт әкеледі», - дептерісін үйлеріне іліп қоя-ды, ауылға бір құсбегі келсе, білдірмей бүркітінен бір қауырсынды үзіп алып үйіне іліп, оны қасиетті зат санайды.
Қақас жұрты да бүркітті киелі құс деп ұғып, алтайлықтар бүркітті қасиетті құс ретінде бақсылықта кеңінен пайдаланады. Көшпелі арабтар негізі-нен кішірек жыртқыш құстармен саят құрса, қазір қазақ құсбегілерінің көмегімен бүркітті аңға баулып, ұстауда. Олар да бүркітті ерекше қасте-рлейді. Тарихи деректерден біз білетін тағы бір жағдай, Құбылай хан өз заманында бүркітшілерді жанына топтастырып, саят құруды салтқа айналдырыпты.
Қазір көп халық «бүркі-тшілік» өнерінің қазаққа Аллаһ тағаланың тартқан ерекше сыйы екенін түсініп, оны қазақтардай өзге халықтардың игере алмайтынын еріксіз мойындап отыр.