Ауыл тұрғындары көбінесе мал ұстаумен және картоп егумен айналысады.Ет,сүт,май,сүзбе,қаймақ,картоп, қымыз сияқты өнімдер қолдан жасалынады.Қымыздың литрі 80-100теңге тұрады, немесе оны киімге,қызанаққа,қиярға,алмаға айырбастайды.Тәулігіне 100 литр қымыз жасалынады.
Ауылда 1991 жылдан 2006 жылға (15жыл) дейін электр тоғы болмады.Мүлдем.Кейін өкіметте ақша пайда болған соң ғана ,олар тоқ тартып ,ауылға тоқ таратты.Ауыл адамдары өте қуанышты болды,енді олар теледидар көріп, радио тыңдай алады.