Астана – ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүрген. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ – қазіргі Астанадан небары 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана – сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара – Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Астана – Елбасының ғажайып ерлігі.
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердің астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстыру негізгі себептерін былайша түйіндейді:
Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Сондықтан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бқрын-соңды болып көрмеген қарқынмен дамуды.
Астанада 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсау кесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына "Бейбітшілік қаласы" мәртебесі беріліп, медаль берілді. Серпінді елдің сәулетті Астанасы, 1995 жылы «Жаңа Астана» арнайы қоры құрылды. Қаланы одан әрі дамытуда 1996 жылы Астананы еркін экономикалық аймақ деп жариялаған шешім маңызды роль атқарды. Қаладағы құрылыс жұмыстары кең марштабпен құлаш жайып, Астана халықтың көз алдына жайнап сала берді. Астанадағы ірі архитектуралық –көркем композициялардың бірі «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. Оның биіктігі 97 метр. Монумент астананың барлық көрінісіне шолу жасауға болатынын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім-Қазақстан Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді, өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс – жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің ұлының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артып, міндет жүктеді.
Ел ордасы болып Астана бой көтеріп, өзінің сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескеркіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «Ақорда», «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Думан» орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланды. Мәдениет – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы.