Менің атым-Абылай. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос кақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Менің жаттықтырушым Төлеген ағай. Мен шаңғымен сырғанаудан Қарағанды қаласында жарысқа бардым. Мен екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым сенің де спортпен жақсы айналысқаның дұрыс.