«Астана - елімнің жүрегі ме?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба...

0 голосов
496 просмотров

«Астана - елімнің жүрегі ме?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз.


Қазақ тiлi (95 баллов) | 496 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті асқақ та, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады. Сөзім дәйекті болсын деп мына бір мысалды келтіре кетейін. Анау жылы ресейлік телеарналардың бірінде танымал режиссер Ақан Сатаев түсірген «Ликвидатор» фильмін талқыға салды. Сондағы ерекше есімде қалған бір жайт – ресейлік киногерлер туындыдағы Астана көріністеріне таңғалып, «біз мұны Еуропаның немесе АҚШ-тың, әлде басқа бір дамыған елдің қаласында түсірілген шығар деп ойладық» деді. Бұл сөзді ешкім оларға зорлап айтқызған жоқ. «Бізге жағынбақ болып, жалбақтап отыр», деу де қисынға келмейді. Анығында, бұл – біздің елдің жетістігін мойындау. Ару Астананың келбетіне шынайы сүйсініп отыр деген сөз. Осыны түсінген сәтте арқаланып, кеудемді мақтаныш сезімі билеп кеткен болатын.


(415 баллов)