Егер мен бай болсам ЭССЭ

0 голосов
1.0k просмотров

Егер мен бай болсам ЭССЭ


Қазақ тiлi (19 баллов) | 1.0k просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Егер мен бай болсам ...

Егер мен бай болсам, қайтер едім? Әрине, бай болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ өмірдегі басты құндылық ақшалай байлық емес, денсаулық пен отбасының амандығы екенін ұмытпаған жөн. Ата - әжелеріміз "ақша - су, бүгін бар, ертең жоқ" демекші, ақша тез жұмсалып кетеді.

Дегенмен, бір сәт қиялдап, байлыққа қол жеткізсем не істер едім? деген сұраққа жауап беріп көрейін. Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді. Әзірге осы.

Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.

(22.8k баллов)