Қазақстандағы бірегей көлдердің бірі – Алаколь. Қазақстанның оңт-шығ. бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығ. шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км²- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м³. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км² – ге жуық. Жалпы көл аралды, түбекті, қайырлы шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жайпақ, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан, солт.-шығ. жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық т.б. аралдары бар