Ответ:
Қақпанға түскен қасқырдың атынан аңшыға хат жазу.
Сәлеметсің бе, аңшы!
Мен сенің қақпаныңа түскен қасқырмын. Саған хат жазуымның себебі – мені қақпаннан босатуыңды сұраймын. Ел аузында «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген пікір қалыптасқанмен, мен өзімді мейірімді қасқыр санаймын. Отардағы қойларға тиіспеймін. Керісінше барлық аңдармен жақсы қарым – қатынаста болғым келеді. Адамдарға зиян келтіріп жүрген жоқпын.
Осы хатты оқып отырсаң, өтінемін, мені босатшы.
Қасқыр.