Менің ойымша,Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Резиденцияның барлық залдарында ерекше ішкі жасаулар, аспалы шамдар және жиһаздар бар. Едендер мәрмәрдің, граниттің және көркем паркеттің алуан түрімен апталған.Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған.Сонымен қатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал,сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.Ал,екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар.Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан:киіз түріне ұқсас Шығыс залы,Алтын зал,Доғал зал,Қонақ бөлме, Кеңейтілген келіссөздер залы және Қауіпсіздік кеңесінің залы.Соңғы залдың басқаларында Қазақстан мен шет елдер арасындағы кездесулер,келіссөздер өткізіледі.Төртінші қабатта: Күмбезді зал,Отырыс залы,Келіссөздер залы мен кітапхана бар.Күмбезді залда Мемлекет басшысының жоғарғы деңгейдегі кеңестері өткізілсе,Отырыс залында Президенттің Үкіметпен,қол астындағы іскер топтармен кездесуі өткізіледі.Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жиналған.
Жалпы, Ақорданың ішкі сәулеті мен безендірілуі Қазақстанның заманауи мемлекеттік стилін көрсетеді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленеді деп білемін.