Астана – біздің халқымыздың бәрін біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлттық ойы. 2008 жылдың 6 шілдесінде Астананың 10 жылдық мерей тойы болды. Осы аз ғана уақыттың ішінде президентіміздің сенімін ақтап, халқымызды, ұлы келешегіне айналды. Статистикалық мәліметке сүйене отырып осы он жылдың ішінде Астананың халық саны 3 есеге көбейді. Бұл көрсеткіш Астанамыздың дүние жүзі бойынша дамып келе жатқан ең жас қала екенін білдіреді. Астана арқылы президентіміз Қазақстанда жаңа қала ашты. Астанамыз өсіп алға жылжуда. Астана жайлы айтатын болсақ оның мәдениеті жоғары. Астанаға жан жақтан көптеген жастар келіп, жоғары лайықты білім алуда. Қазір Астанада ЖОО-да оқу өте мәртебелі және келешекте мамандығының болашағы мол. Бұл жастарымыздың өмір дәрежесінің жоғары екенін дәлелдейді. Астанада дүние жүзілік стандартқа сай үлкен ғимараттар салынуда. Біздің Астанамызға көптеген қалалардан адамдар ресми сапарларға келеді. «Әсіресе жаздың күндері іс сапарларға, қонаққа келген адамдардың фотоапаратпен Астананы суретке түсіріп жүргенін көруге болады. Әсіресе кешкі Астананы. Осы он жыл ішінде Астана гүлденіп, жайдары, меймандос, ең тартымды қалаға айналды. Астана Қазақстан халықтарын біріктіреді және алға дамуға ұмтырылдырады. Астанада 100 – ден астам ұлт жасайды. Астана біздің Отанымыздың Тәуелсіздігін растайды және президентіміздің Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Халықтардың достығы, бір-бірін түсінуі, ынтымақтастығы – Астананың және жаңа Қазақстанның негізін құрайды!» Менің жанұям және мен Астана жайлы туған туыстарыма үлкен мақтанышпен айтамын. өйткені астанада ғылыми-оқу орталықтары, 30000 орынды жабылған (крытый) стадион, мәдениет орталықтары, орасан күрделі құрылыс зәулім үйлері, қонақжайлар салынған. Бұдан басқа ең ірі транспорт линиялары салынуда. Келешекте Астана қаласы шет мемлекеттерден туристер қабылдайтын үлкен қала орталығына айналады. Осы мақсатта үлкен мәдениет орталықтары және де, медициналық және музыкалық академиясы, Еуразия университеті, көптеген мектеп, лицей, гимназия ашылуда. - Бұл әрине менің қалам, менің астанам, менің Қазақстаным!