Рассааз о Балкаш ** казахсуом языке с числительными (4-6пред.) ДАМ 30 БАЛЛОВ

0 голосов
80 просмотров

Рассааз о Балкаш на казахсуом языке с числительными (4-6пред.) ДАМ 30 БАЛЛОВ


Қазақ тiлi (16 баллов) | 80 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.

Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.

Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат.

(174 баллов)