Спорт түріне байланысты спортшылар қандай спорт киімдерін киеді? Кестені толтыр.

0 голосов
252 просмотров

Спорт түріне байланысты спортшылар қандай спорт киімдерін киеді? Кестені толтыр.


image

Қазақ тiлi (71 баллов) | 252 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Спорт түріне байланысты спортшылардың киімдері.

Барлық спортшылар жаттығу барысында міндетті түрде спорттық шалбар мен нымша (блуза) киеді. Ал спорт түріне байланысты спорттық киімдердің үлгілері түрлі болады. Көбінесе киініп – шешуге ыңғайлы болу үшін киімдер сыдырма ілгекті болады.  

Кеңінен таралған спорттық киім түрі – қысқа дамбал (трусы) мен майка. Спорт түріне байланысты қысқа дамбалдың пішіні мен өлшемі де түрлі болады.  

Күресшілер мен ауыр атлетшілер жүннен немесе синтетикадан жасалған трико киеді.

Спорттық және көркем гимнасттар денеге қатты жабысып тұратын трико мен жеңі бар жейде киеді.

Жүзу, суға секіру және су полосының спортшылары синтетикалық материалдан жасалған плавки кисе, әйел спортшылар суға түсетін арнайы костюм киеді.

Семсерлесу сияқты спорт түрінде қалың немесе синтетикалық матадан тігілген арнайы күртке мен шалбар киеді.

Ат спортына қатысушылар редингот деп аталатын арнайы пенжек киеді. Редингот дегеніміз – ілме өңірлі (однобортный) артында ойығы бар ұзын пенжек.

Шаңғышылар, тау шаңғышылары, трамплиннен секірушілер мен шанамен сырғанаушылар арнайы комбинезон киеді.

Коньки тебушілер синтетикалық матадан тігілген қозғалысқа кедергі келтірмейтін капюшоны бар арнайы комбинезон киеді.  

(22.8k баллов)