Ответ:
Батырларға серік болған пырақтар.
НАРҚЫЗЫЛ - 15 жасар Абылайға Бөгенбай батыр бата беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлаған.
АЛАҢБОЗ бен ҚҰЛАША АТ - тарихи әңгімелерде әскердің алдына салтанатты түрде шыққанда Абылайдың Алшаңбозы және ұрысқа мінетін Құлаша аты туралы айтылған.
ҚУБАС АТ Қаракерей Қабанбай батырға серік болған, аруақты тұлпар -Қубастың орыны ерекше.
АҚБОЗ АТ - Әбілхайыр ханның мінген аты.
КӨКОЙНАҚ - Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы соғысының қолбасшыларының бірі, аты аңызға айналған, елге ұран болған хас батыр - Райымбек Хангелдіұлының мінген аты.
АҚТАБАН АТ - Исатай батырдың соғыстарға мінген аты.
КЕСІКҚҰЛАҚ - Әйгілі батыр Махамбет мінген ат. Құйқылжыған құла жирен, құла ат - небір тар жол, тайғақ кешулерде, қым-қуыт сәттерде серік болған Махамбеттің өз аты құла аттың ен-таңбасына орай "КЕСІКҚҰЛАҚ" деп аталған.
ҚҰДАЙБЕРГЕН ТОРЫ, АҚМОНШАҚ, МӘСТЕКҚАРА, КӨКЕШКІ, ЕШКІБАС - XIX ғасырдағы ұлт-азаттық соғыстарының қолбасшыларының бірі, Кенесары қозғалысына қатысқан, Хиуа, Қоқан феодалына қарсы күрескен айтулы батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының мінген тұлпарлары.
КЕРТАЙЛАҚ - Ең шешуші қырғызбен Кекілік тауындағы шайқаста Наурызбай батырдың Қызылауыз атына оқ тиіп, үйсін Баязақ батырдың әкеліп берген Кертайлақ атына мінген екен.