Асан кайгы туралы 200 созден кем емес шыгарма 50 балл

0 голосов
152 просмотров

Асан кайгы туралы 200 созден кем емес шыгарма 50 балл


Қазақ тiлi (62 баллов) | 152 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

І

Асан қайғы ХV ғ. екінші жартысында Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген. Қалың бұқараның қамын жеп, елінің болашағын ойлап, үнемі қайғы-мұңға батып жүргендіктен, халық оны «Асан қайғы» деп атап кеткен. Ол алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ- Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, кейін Дешті Қыпшаққа (қазақ даласына) қайтып оралып, Жәнібек, Керей хандардың ақылшы биі болған. Асанды Ш.Уалиханов «көшпенділер философы» деп атаған.Тарихтағы Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі туралы бізге жеткен деректер тым аз.

Асанның әкесінің аты — Саятшы Сәбит. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының «Тауарих Хамса» атты кітабының айтуынша, Асан қайғы — Шыңғыс ханның замандасы ұлы Майқы бидің алтыншы ұрпағы. Майқы би — Шыңғыс ханның тарихтан белгілі әскербасыларының бірі Үйсін Майқы.

ХV ғ. өмір сүрген Асан қайғының адамдарды ынтымақ-бірлікке, достық-татулыққа шақыруы, елге жайлы қоныс іздеп, отырықшы, бейбіт тұрмыс-тіршілікті аңсауы сол кездегі заман талабынан туғаны түсінікті. Асанның бізге жеткен толғаулары түгел дерлік Әз Жәнібек ханға арнай айтылған. Халық аңыздарында Асан жайында «бұл қария қашан да ханға жағынбай, жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінеді. («Ай, хан, мен айтпасам білмейсің»)

Асан толғауларынан тек сол заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құралу дәуіріндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін байқауға болады. «Асан қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», — деп жазады Б.Кенжебаев.

Әбілхайыр ханнан бөлінуге қарсы болмағанмен Асан атамекеннен ұзап кетуді қош көрмейді. 

(113 баллов)