Биография Гейне ** казахском языке кратко

0 голосов
128 просмотров

Биография Гейне на казахском языке кратко


Қазақ тiлi (12 баллов) | 128 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Генрих Гейне (13.12.1797, Германия, Дюссельдорф — 17.2.1856, Франция, Париж) — неміс ақыны, публицист, сыншы.
Орташа дәулеті бар еврей отбасында дүниеге келген. ГЕЙНЕ Берлин ун-тінің заң ф-тінде оқығанымен, филология мен философия ф-ттерінде өз қалауымен лекцияларға барып қатысқан (1819 — 25).
Шығармалары 1820 жылдан жариялана бастады. 1827 ж. жарық көрген “Өлеңдер кітабында” халық әндерінің әуендік, ырғақтық ерекшелігін дәл танып, оны жаңашылдықпен дамыта білді. Халық әндері негізінде жазылған өлеңдеріне саяси және әлеум. астар, өзгеше өрнекпен өң береді. “Сапар суреттері” (1831) атты прозалық туындысында Германияның ауыр кезеңі, халықтың жағдайының төмендігі, заңсыздық пен ғылымның өмірден алшақтығы бейнеленген. 1831 ж. Францияға кетіп, өмірінің ақырына дейін саяси эмигрант болады. “Франция істері” (1832), “Лютенция (1847), “Людвиг Берне” (1840) атты шығармаларында Франциядағы саяси және әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. “Француз суретшілері” (1831) деген очерктер мен “Француз сахнасы туралы” (1837) деген хаттар жинағы арқылы ГЕЙНЕ өзін қаламы қарымды сыншы ретінде танытты. Оның суреткерлік қуаты “Атта Тролль” (1843) саяси поэмасында, “Қазіргі өлеңдерінде” (1844), “Германия. Қысқы ертегісінде” (1844) көрініс тапты. Г-нің шығарм. жаңа белесін айқындайтын “Романсеро” (1851), “Мойындау” (1854) өлеңдер жинағы жарық көреді. “Германия. Қысқы ертегі” (1938), “Аңыз, ертегі, өлеңдер” (1965), “Лирика” (1971) т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.

(60 баллов)