(1381) - орта ғасырдағы Англияда (және 14 ғасырдағы бүкіл Батыс Еуропада) феодалдарға қарсы ең ірі шаруалар көтерілісі. Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың, негізгі халық бұқарасының тұрмыс-жағдайларының төмендеуіне, қауымдық жерлерді феодалдардың басып алуына, жалдамалы еңбектің пайдаланудың өрістеп-кеңеюіне, тәуелділіктің күшеюіне, барщинаға қайта оралуға әкеліп соқтырды. Міне осының барлығы Уот Тайлер көтерілісінің туына себеп болды.