Өлеңде даналық болса,сөзде сиқыр болады тақырыбына эссе 100 сөз

0 голосов
728 просмотров

Өлеңде даналық болса,сөзде сиқыр болады тақырыбына эссе 100 сөз


Қазақ тiлi (15 баллов) | 728 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)  

1847  жылы  Қырғыздың  бай  шонжар  манабы  Орманхан  шешесіне  ас  

береді.  Бұл  ас  жиынға  Қазақ  пен  Қырғыздың  игі  жақсылары  бас  қосады.  

Қазақ  ақыны  Сүйінбай  Қырғыз  ақыны  Қатаған  да  осы  жиында  кездеседі.  

Екеуінің  айтысы  болып,  Қазақтың  бар  баласы  айтылатын  бұл  айтыстың   мақсаты  елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру.

Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия — адам баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола алады. Осынау тамаша қасиет біздің поэзиямызда да мол. Абай поэзиясына және одан кейінгі кезеңде реалистік арнада, жаңашылдық бағытта дамыған поэзиямызға мұның әсіресе жанасымдылығы бар.

Көркем өнердің қай түрін де, соның ішінде ән мен күйді, яғни музыка өнерін Абайдың айрықша бағалағаны жақсы аян. Ал оның сөз өнеріне, яғни поэзияға деген ықыласы мен пейілі тіпті ересен, ерекше бөлек. Оның ұғымынша сөз өнерінің қызметі мен маңызын, мән-мағынасын басқа еш нәрсе де өтей алмақ емес. Шын мәнісіндегі, нағыз қайталанбас көркемдік келісім мен қолдан келмес әсемдік пен сұлулық сонда. Бұл ретте Абай поэзияның эстетикалық сипатын ғана емес, әлеуметтік мәнін де ескерген.

(208 баллов)