Ответ:
Өзен - көл туралы жұмбақтар.
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты,
Керемет-ау кернеуі –
Тасты кесіп, жарыпты! (Өзен)
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ. (Өзен)
Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ. (Өзен)
Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна. (Көл)