Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады. Сол себепті ең көне кітапханалар қатарында. Университетіміздің Ғылыми кітапханасы республикамыздағы ең ірі кітап қоры бар білім ордасы. Ғылыми кітапхана кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру деңгейі бойынша алдыңғы қатарда. Кітапхана 1998 жылдан бастап Кітапханалар ассоциациясының, Қазақстан кітапханаларының ақпараттық концорциумының мүшесі. Ғылыми кітапхана XXI ғасыр сұраныстарына жауап береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі. ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы өзінің электрондық каталогын Интернетте жариялаған алғашқы кітапханалардың бірі ретінде Қазақстан веб-сайттарының тарихына енді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес Орталық Азиядағы ең озық үлгідегі кітапханалардың бірі