Пожалуйста напишите 7 предложений ** казахском про моду

0 голосов
53 просмотров

Пожалуйста напишите 7 предложений на казахском про моду


Қазақ тiлi (16 баллов) | 53 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жа­ңа­рып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сән­дік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еу­ро­пада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйіз­­тұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Франция мен Италияның су­рет­шілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Ис­па­ния, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жыл­дам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кіш­кентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әри­не, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дә­уірі басталғалы біраз болды. Ал қазақстандық «мода» жайлы не білеміз?

Кейбір деректерге сүйенсек, қазақ басылымдары «сән», «мода» және «подиум» деген сөздерді 1913 жыл­дар­дың өзінде пайдалана бастаған. Бірақ бұл кезеңде қа­зақ жеріне нық орнай қоймаған «сән әлемі» қазірде ресми түр­де 1947 жылы келген делінеді.

(22 баллов)