Ответ:
Нағыз дос уақыт өте келе айқындалады.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
«Доссыз адам тұссыз тағам секілді» демекші, әрқайсымыздостыққа мұқтажбыз, доссыз бұл өмірді елестету мүмкін емес. Өміде түрлі орын алатын келеңсіз жағдайлармен қатар қуанышыңды да бөлісе алатын нағыз адал дос табу – ең үлкен бақыт. Себебі, адам болған соң кей кездері пендешілікке салынып, қызғаншы сезімі де орын алуы мүмкін. Менің ойымша, жылдар өткен сайын жаныңда тек сенімді адал достар қалады. Міне, осындай достарды қадірлеп, бағалай білу керек.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!