-Сәлем, Сен Ақтау қаласы туралы білесің бе?
-Сәлем, білемін, бірақ ол жақта болып көрмеппін. ал сен ше?
-Ия, мен болып көрдім.Ақтау қаласына жазғы демалыста ата-анаммен барғанмын.
-Қандай қала екен? Әдемі ме?
-Әрине, әдемі. Ол қала Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. Жаздыгүні адамдар теңізге шомылуға келеді. Балалар теңіз жағасында құммен ойнайды. Мен де теңізде жүзуді үйрендім. Қалада теңізден басқа қыдыратын орныдар бар. Ақтау қаласы маған ұнады.
-Расымен керемет екен. Келесі жолы менде баратын шығармын.