Эссе ** тему " Достык пен татулык - таптырмас бакыт"

0 голосов
1.3k просмотров

Эссе на тему " Достык пен татулык - таптырмас бакыт"


Қазақ тiлi (16 баллов) | 1.3k просмотров
0

помогите пожалуйста!

Дан 1 ответ
0 голосов

Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.

Татулық пен достық – ынтымағы жарасқан көп ұлтты қазақ елінің ежелден қонақжай табиғаты.

Татулық пен достық – айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі. Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиетіде арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық – бұзылмайтын қорған» екені рас.

Татулық пен достық – отбасындағы туған туысқандар үшін де маңызы терең. «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса ат көп», «жақыныңды жат етсең елге күлкі боларсың», «туысы бірдің уысы бір», «жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», «жақсы ағаң –орман, жақсы інің-қорған» деген аталы сөздер осының айғағы. Өз үйінде сыйласпаған жан көпшілікпен сыйыспайды.

(66 баллов)