Азық-түлік — адамның тіршілік көзі. Азық-түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету — адамзат қоғамының басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры дүние жүзінде әр түрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері зауытында өңделеді. Қазақстанда ауыл шарушылық алқабының ауданы 1996 жылы 222,2 млн. болды.1997 жылы Қазақстан халқының ет, сүт, балық, жұмыртқа, жеміс-жидек өнімдерін пайдалануы төмендеді, нан тағамдарын көбірек пайдаланатыны байқалды. Қазақстан үшін келешекте азық-түлік өнімдерін түрлі ассортиментпен өндіру өзекті мәселе.