Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. Төркін десе қыз төзбейді, Көкпек десе түйе төзбейді. Апасының киген тонын сіңлісі де киер. Қазаны басқаның қайғысы басқа. Ата – баланың қорғаны. Атаға баланың алалығы жоқ. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас. Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын. Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың. Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.