Ответ:
Балаларға арналған сайттар туралы диалог құрастыру.
Еркебұлан: Аға, мен ғаламторды пайдалануды жақында ғана үйреніп жүрмін. Әлі де көп нәрсе біле бермеймін, сізден кеңес сұрайын деп едім?
Ғалымжан: Үйренгенің дұрыс болған екен. Бүгінде өмірімізді ғаламторсыз елестету қиын ғой. Керекті нәрсені іздеп табу үшін ғаламторға жүгінетін болдық. Қандай нәрсе, сұрай ғой?
Еркебұлан: Балаларға арналған қандай сайттарды білесіз? Қасыларын қолданған дұрыс?
Ғалымжан: Бұл сұрағың сәл қиындау екен, өзім ғаламтордан іздеп көрмесем, бірден жауап бере алмаймын. Кәнеки, келе ғой, бірге іздеп көрейік... Балаларға арналған қазақ тілінде мынандай сайттар бар екен:
http://balalaralemi.kz/ - балалар әлемі электронды журналы
http://erketai.kz - балалар мен ата-аналарға және балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып ұстаздарына арналған сайт
http://kerekinfo.kz - балаларға арналған ертегілері мен мақал-мәтелдер, тақпақтар мен өлеңдер сайты
Еркебұлан: О, аға, қандай ғажап. Барлығын енді ғаламтордан іздей берсем болады екен ғой.
Ғалымжан: Әрине, қажетті мәліметтің барлығын осы ғаламтордан табуға болады.
Еркебұлан: Керемет екен. Енді сіз сияқты меңгеріп алсам болғаны. Көп рахмет сізге!
Ғалымжан: Оқасы жоқ. Менен гөрі ғаламтордың көмегі көп болды ғой.