Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағады екен. Шіркін-ай, менің...

0 голосов
208 просмотров

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағады екен. Шіркін-ай, менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім,- деп зарлауын қоймапты. Бір күні қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? - дейді. Мен баймын ба? - деп жігіт таңғалады. Ол қандай байлық? Сенің көзің ше? Бір көзіңді қаншаға сатар едің? - деп сұрайды қарт. Оның не?! деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. Ал енді қолың мен аяғыңды алтынға айырбастар ма едің? Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт. Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы - күш - қуаты мен денсаулығы, - дейді қарт. Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да жөніне кетеді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. Жауабыңда мезгіл үстеүі мен мекен үстеүін қолдан. 1.Мәтінде не туралы айтылған? 2. Жас жігіт неге жылайды? 3. Ақылшы қария-кім? 4.Қария жігітке не деді? 5.Жігіт неге шошып кетті? 6.Кария неге денсаулықты байлық деп бағалады? 7.Мәтінге қандай ат лайық?Неге?


Қазақ тiлi (16 баллов) | 208 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Байлық-ол күш-қуат,денсаулық.
2.Жас жігіт өзінің кедейілігін айтып,бай өмір сүргісі келетінін айтып жылайды.
3.Ақылшы қария-тас қашаушы.
4.Қария жігітке:"Сен нағыз бай адам емессің бе?-,деді.
5.Қария көзіңді,аяқ-қолыңды алтынға айырбастар ма едің дегенде,жігіт шошып кетеді.
6.Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың-,деді қария.
7.Денсаулық-байлығым.

(556 баллов)