Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағады екен. - Шіркін-ай, менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты. Бір күні қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. - Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді. - Мен баймын ба? – деп жігіт таңғалады. – Ол– қандай байлық? - Сенің көзің ше? Бір көзіңді қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт. -Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. - Ал енді екі қолың мен аяғыңды алтынға айырбастар ма едің? - Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт. - Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да жөніне кетеді. ПЕРЕВОД СРОЧНО!!!!!!