Стих про времена года ** казахском

0 голосов
21 просмотров

Стих про времена года на казахском


Қазақ тiлi (12 баллов) | 21 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Алтын күз

Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәнімиз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегил ағымыз.

Жаздай күткен бар¡м¡з

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя-мектепте

Сабак бастар шағымыз

(М.Алимбай)

(23 баллов)
0 голосов

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдай алмай теріс айналды.

(26 баллов)