Менин бала киялымга мятин 180 190 соз

0 голосов
42 просмотров

Менин бала киялымга мятин 180 190 соз


Қазақ тiлi (12 баллов) | 42 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

дам баласының арманы көп болады. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, батырлыққа итермелейді. «Армансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді қазақ халқы, ал мен «Арманы жоқ адамның жаны жоқ» деп айтушы едім. Себебі, менің ойымша жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі.

Адамға Алланың берген ерекше қасиеті – армандай білу. Ал енді нені армандайсың, қалай армандайсың – ол әрбір адамның өз-өзіне деген сеніміне байланысты. Сол сияқты «Арманың орындалсын», – деген тілекті де жиі естиміз.

Өз арманым туралы айтатын болсам, менің армандарым көп. Сол армандарымның ең бастысын  айтсам – жер бетіндегі адамның бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен. Осындай жағдайда ғана барлық адамның арманы орындалады деп ойлаймын. Мен өзімнің басқа да армандарыма тоқталатын болсам, олар: отбасымның мәңгілік бақытты өмірі туралы армандаймын, болашақта журналист болғым келеді және жер шарын аралап саяхат жасауды  армандаймын. Сонымен қатар жоғары білім алып, халқыма адал қызмет еткім келеді.

Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін, бірақ бір білетінім – армандарымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Сондықтан менің өмірдегі ұстанымым – «Тек алға!!!».

(157 баллов)