1-тапсырма Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.ДомбыраЕкі ішектің...

0 голосов
163 просмотров

1-тапсырма Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны не туралы екенін айтыңыз.ДомбыраЕкі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.Нағыз қазақ – қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласынДеп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңдіЖалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.Қадыр Мырза Әлі2-тапсырмаСұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиетітуралы?4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалайтүсінесіз?


Қазақ тiлi (29 баллов) | 163 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Өлеңде қазақтың киелі домбырасы жайлы айтылған.

2 Тапсырма.

1. Өлеңді «Киелі аспап» деп атауға болады, себебі басты тақырып қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра жайлы айтылған.

2. Домбыра екі ішектен құралған музыкалық аспап екені және оның көмейіне қорғасын құйылғаны жайлы айтылады (Дәлірек айтсақ, аңыз бойынша Жошыхан баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Сол кезде бір жігіт келіп домбыра алып, бір күйді тарта жөнеледі. Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін, домбыраның көмейіне қорғасын құйғызады).

3. Домбыра киелі аспап десем де болады. Себебі оның ән айтатын, шер қозғайтын, жан арашалайтын, тарихты жалғастыратын, салт - дәстүрлі сақтайтын қасиеттері бар.

4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен толықтай келісемін, себебі домбырадан төгілген әсем ән мен күйді естігенде толғанбау, тебіренбеу мүмкін емес, домбыра кімнің болса да ішкі жан дүниесіне жол табары сөзсіз.

5. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра» дегеніміз, менің ойымша, қазақ пен домбыра егіз ұғым, домбыра бағзы заманнан бері халықтың сырын шертіп, әр қазақтың үйінен табылатын киелі аспап, «әу демейтін қазақ жоқ» демекші, домбыраның алар орны ерекше.

(22.8k баллов)