Ответ:
Аудиокітаптар оқимын.
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» деген. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Кітап адам өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Дегенмен, мен өз басым кітап оқығанды ұнатамын. Әсіресе, ғаламтор беттеріндегі аудиокітаптар тыңдағанды ұнатамын, себебі ьұл өте ыңғайлы әрі заманауи. Ата - анам кішкене күнімнен бастап, әріп тануды үйретіп, кітап оқуға деген қызығушылығымды оятқан болатын. Бос уақытымда түрлі жанрдағы кітап оқуды жақсы көремін.