Қазақстанын атақты геологтері мини реферат по казахскому помошите за час пж

0 голосов
168 просмотров

Қазақстанын атақты геологтері мини реферат по казахскому помошите за час пж


Қазақ тiлi (21 баллов) | 168 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Қазақстанның атақты геологтары.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 31 наурызда (кей деректе 12 сәуірде) қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы № 4-ші ауылда дүниеге келген. Қаныштың атасы Сәтбай ауылға сыйлы, көзі ашық адам болған екен. 1902 жылы қажылық кезінде қайтыс болып, Меккеде жерленген. Ал әкесі Имантай бірнеше тілде еркін сөйлеген, Орыс географиялық қоғамының корреспондент мүшесі болған. Сондай-ақ ол Шоқан Уәлиханмен дос болған деседі.

Қаныш ауыл мектебінде білім алғаннан кейін Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Оны аяқтаған соң, әкесінің қарсылығына қарамай Семейдегі мұғалімдер семинариясына аттанады. Алайда ол жақта денсаулығы сыр беріп, туберкулезге шалдығады. Десе де барлық емтихандарды эстерн ретінде тапсырып, 1918 жылы оқуды бітіргені жайлы диплом алып шығады. Университетке түсуге дайындалып жүріп, Семейде жаратылыстану мұғалімі болып жұмыс жасайды. Бірақ туберкулез тағы да асқынып, Қаныш Сәтбаев ауылына аттанады. Бір жылдай қымызбен емделген ол бос жатпай, қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығын жаза бастайды. Кітапты Қаныш 1924 жылы араб графикасымен жазып шықса, 1929 жылы латын графикасына көшіреді. Бұл бастаманы тарихшылар Алаш зиялыларының қазақтың сауатын ашу мақсатында жұмыла кіріскен жобалардың бірі санайды. Мысалы, Әлихан Бөкейхан география, Мағжан Жұмабай педагогика, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған тіл мамандары тіл білімі, Халел Досмұхамедов анатомия, Әлімхан Ермеков математика бойынша оқулықтар дайындаған. Ал eң күрделі пән бойынша оқулық дайындау Қаныш Сәтбаевқа жүктелген екен.

1921 жылы Қаныштың ауылына туберкулезден емделуге Томск технологиялық университетінің профессоры, геолог Михаил Усов келеді. Профессор Қанышпен танысып, оған геология ғылымы мен қазақ жерінде ашылмаған кен орындары жайлы қызықты әңгімелерін айтады. Осылайша білімпаз жігітті Усов Томск технологиялық университетіне түсуге көндіреді. Сол жылы денсаулығы жақсарған Қаныш Сәтбаев Томскіге аттанып, қабылдау емтиханынан сәтті өтіп, технологиялық университеттің геологиялық барлау бөлімінің студенті атанады. Геология ғылымының қыр-сырына қаныға бастаған Қаныш Сәтбаев өзінің ұстазы Михаил Усовтың кеңесіне жиі жүгініп тұрған екен. Сондай-ақ осы жерде оқып жүріп ол белгілі геолог Михаил Русаковпен танысады.

Бірнеше жылдан кейін профессор Усовтың жетекшілігімен жазған дипломын сәтті қорғап шыққан Қаныш Атбасар түрлі-түсті металдар тресіне жіберіледі. Жас геолог Орталық Қазақстан территориясындағы барлық барлау және іздеу қызметін басқарады. 1926 жылы Қарсақбайға келіп, ағылшындардан қалған геологиялық жұмыстар танысады. Сондай-ақ Жезқазғанда жаңа кен орындарын табады. Осылайша Қарсақбай ауданындағы барлау жұмыстарының көлемі артып, мыс қоры көбейе түседі. 1934 жылы Қаныш Сәтбаевтың жұмысының арқасында Үлкен Жезқазған мәселесі КСРО Ғылым академиясының сессиясында көтеріледі. Ал соғыс таяп қалған уақытта Сәтбаевтың он бес жыл жүргізген жұмыстарының нәтижесі - “Жезқазған ауданындағы кен орындары” атты маңызды еңбегі жарық көреді.

Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиев (27.12.1928, Атырау қаласы – 26.4.2003, Алматы) – тау-кен инженері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1972).

Өзен, Жетібай, Теңге, Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кен көзінің із ашары. Маңғышылықты игеруді ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952). 1952 – 56 жылдары Даңғар мұнай барлау бөлімшесінде бұрғышы, аға инженер, 1956 – 59 жылы Мақат бұрғылау мекемесінің бас инженері, 1959 – 78 жылдары “Маңғыстаумұнайгазбарлау” тресінің бастығы, 1978 – 91 жылдары Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары.

Өзбекғалиев Оңтүстік Маңғыстау мұнай, газ кеніштерін ашып, Өзен, Жетібай кен орындарын барлаудағы елеулі еңбегі үшін Лениндік сыйлығын алған (1966), Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. “Құрметті жер қойнауын барлаушы” атағы берілген (1988).

(22.8k баллов)