Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы:қазақтарға тəн бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Əрине бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер əр халықта əр қырынан көрініс береді, сонымен қатар əр ұлт өкілдерінің салт-дəстүріндегі мəн-мағынасы мен тəлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады.