Қазіргі қарқынды дамыған елдердің барлығын ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Ғаламтордың атқаратын қызметі өте күшті. Осы ғаламтордың көмегімен қаншама жұмыстар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтар, оқиғаларды ғаламтор арқылы біле аламыз. Алайда ғаламтордың пайдалы жағы мен қатар зиян жақтары да бар. Әсіресе жасөспірімдер арасында ғаламторға деген тәуелділік күн санап артып келе жатқанын жасыра алмаймыз.