Помогите пожалуйста с казахским, прошу Вас!!!!!әңгіме жазу:Күнделікті өмірді жеңілдететін...

0 голосов
70 просмотров

Помогите пожалуйста с казахским, прошу Вас!!!!!әңгіме жазу:Күнделікті өмірді жеңілдететін құрал-жабдықтар


Қазақ тiлi (315 баллов) | 70 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Күнделікті өмірді жеңілдететін құрал-жабдықтар.


Бұрыңғы кезде ата-бабамыздың тұрмыстық тіршілігін жеңілдеткен диірмен,көсеу,иінағаш секілді құралдар болды.Ал қазіргі таңда күн сайын ғалымдар өмірімізді жеңілдететін көптеген құрал-жабдықтарды ойлап тауып жатыр.Осы заттардың бірін қолға алсаңыз,сіз одан ажырағыңыз келмейді.

Күнделікті өмірді жеңілдететін құрал-жабдықтар дегенде есімізге бірден кір жуғыш машина,шаңсорғыш,тоңазытқыш, микротолқынды пеш және т.б. көз алдымызға келеді.Әрине,олардың бірі қол күшінсіз-ақ киім жууға,тамақты ысытуға таптырмас кұрал.Алайда,қазіргі күнде, мүмкін біреуіміз біліп,енді біріміз естімеген де құралдар бар.Мысалы:майға арналған ыстық пышақ,wi-fi қалам,суперпластилин,қол жетпейтін жерлерді тазалауға арналған шүберек-желе сынды құралдар адам өмірін едәуір жеңілдетеді.Мұндай құралдардың қаншамасы бар десеңізші? Осындай ғылым мен техника салтанат құрған заманда адам өмірін жеңілдететін құрал-жабдықтардың саны да,сапасы да артатыны айдан анық.

(17.4k баллов)